Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жібек ауылдық «Жібек жолы» мешітінің имамы Рисбаев Айтбек ауыл жастарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл жастарына қазіргі қоғамдағы жастар арасында белең алып жатқан жастардың болашағына кері әсер ететін түрлі мәселелер қозғалып, олардың алдын алу мақсатында жастарға уағыз-насихат айтылды.
Айтылған уағыз насихаттың мақсаты қәзіргі жастардың дұрыс жолды таңдап, елге, дінге адал қызмет ететін саналы ұрпақ болып қалыптасуына ықпал ету. Нақтырақ айтсақ:
1. Иман мен адамгершілікке тәрбиелеу – жастардың жүрегіне ізгілік, адалдық, сабыр, қайырымдылық сияқты қасиеттерді сіңіру.
2. Ұлттық дәстүр мен дінді ұштастыру – жат ағымдардан сақтап, ата-баба жолын құрметтеуге үйрету.
3. Жауапкершілік сезімін ояту – қоғам алдындағы парызын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
4. Жаман әдеттерден сақтандыру – зиянды әдеттер мен теріс әрекеттерден алыстатып, дұрыс өмір салтына бағыттау.
5. Білім мен еңбекке ыңталандыру – жастардың болашағына сенімін күшейту, ғылым-білімге құштарлығын арттыру.
Қысқаша айтқанда, жастарға насихат айтудың мақсаты – оларды иманды, тәрбиелі, елжанды, білімді азамат етіп қалыптастыру.