Байзақ: ҚОСАҚ АУЫЛЫНДА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

Байзақ: ҚОСАҚ АУЫЛЫНДА ДІН МЕН ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің имамы Мұхит Ермаханұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты қазақтың дәстүрін насихаттау мақсатында арқан тарту ойынын ойнады.

  Ауыл имамы Мұхит Ермаханұлы мешіт жамағатына: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері ата-бабаларымыздың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, дүниетанымына орай туындап отырған. Оларды қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-әлеуметтік дәстүрлер деп үлкен екі топқа бөлуге болады.

Отбасылық дәстүрлерге баланың дүниеге келуі, ер жетуі, тәрбиесі, келін түсіру, қыз ұзату, өлім-жітім мәселесі жатады.

Қоғамдық-әлеуметтік дәстүрлерге бүкіл ауыл болып өткізетін әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз мерекесі, діни мейрамдар, ас беру, бәйге ұйымдастыру, т.б.», - деп «Қазақтың дәстүрлері» тақырыбында насихат айтты.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: