Байзақ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІНІҢ ЗАРДАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Байзақ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІНІҢ ЗАРДАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінің имамы Төребай Өткелбайұлы Бәйтерек ауылдық округінің мәдениет үйінде халықпен кездесіп, «Нашақорлық пен есірткінің зардаптары мен қоғамға тигізер зияны» тақырыбында насихат айтты.

         Төребай Өткелбайұлы насихатында: «Қазіргі қоғамда есірткінің зияны қаншалықты зор екенін білмейтіндер аз. Бірақ соған қарамастан, көптеген ерлер мен әйелдер бұл заттарды пайдаланып, өздеріне және денсаулықтарына зиян тигізеді. Сонымен қатар, есірткінің зияны орасан зор. Жеңіл есірткі жоқ. Олардың барлығы денеге орны толмас залал келтіреді. Есірткінің басты қауіптілігі – оның тәуелділікті тудыруы, қайта-қайта қолдануға деген құштарлық. Сонымен қатар, нашақор есірткінің зияны туралы ойланбайды. Бірте-бірте ол есірткінің соқыр құлына айналады», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: