Тараз қаласы Әбу – Бәкір Ас – Сыдық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында игілікті іс – шара ұйымдастырылды. Жақсылыққа жаны жақын жамағат пен демеушілердің атсалысуымен 10 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Әр отбасыға 20 мың теңгеден беріліп, тұрмыс жағдайына аз да болса демеу болды.
Шара барысында мешіттің имамы Бектаев Қасымжан жамағатқа дініміздегі қайырымдылықтың орны жөнінде уағыз ‑ насихат айтты. Сондай – ақ, Алланың разылығы үшін жасалған әрбір жақсылықтың адамға екі дүниеде пайда әкелетінін жеткізді.
Осындай игі істердің жалғасын табуы – бірліктің , имандылықтың айқын көрінісі.