Тараз қаласы Түрксіб ауылында 2025 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы, жерлесіміз Берімқұлова Айжан Үміралиқызымен тағылымды кездесу өтті.
Жиынға ауыл ақсақалдары ұстаздар, спорт сүйер қауым мен жастар жиналып, чемпионға сый ‑ сияпат ұсынып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Айжан Үміралиқызы өзінің қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында үлкен жеңіске жетіп, туған жерінің мерейін өсіргенін атап өтті.
Бұл шара ауыл жастарына үлгі болып, спортқа деген қызығушылығын арттырды. Жерлесіміздің жетістігі – Түрксіб ауылының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы.
Халықта «Еңбек ер атандырады, табандылық жеңіске жеткізеді» дегендей, Айжанның жеңісі жас ұрпаққа өнеге болды.