Тараз: Адал еңбек – берекелі өмірдің бастауы

Тараз: Адал еңбек – берекелі өмірдің бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Тараз қаласы Бегалы ата мешітінде жамағатқа арналған рухани насихат өтті. Мешіттің имамы Ахмеджанов Уәли «Адал еңбек ­‑  рухани байлықтың   негізі» тақырыбында жиналған қауымға тағылымды уағыз айтты.

    Имам уағыз барысында адал еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызына тоқталды. Еңбексүйгіштік – адамның адамның тұлғалық қасиетін қалыптастырып қана қоймай, отбасының берекесін арттырып, қоғамның дамуына да үлес қосатынын атап өтті. Сондай – ақ , «Адал еңбек – Алланың разылығына жеткізер жол» екені айтылып, адал табыс пен адал ризықтың берекелі болатыны баса айтылды.

    Имам Ахмеджанов Уали Құран Кәрімдегі: «Адамға еңбегінен басқа ешнарсе жоқ » (Нәжм сүресі, 39 – аят) деген аятты мысалға келтіріп, мұсылман адам әрқашан адал жолмен нәпақа табуға ұмтылуы керектігін жеткізді.

    Келген ілім алушылар насихаттан өнеге алып, адал еңбек етудің рухани және дүниелік пайдасын жете түсінді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: