Айтулы күннің құрметіне жамағат бас қосып , Пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.ғ.с) дүниеге келген мерейлі сәтін ұлықтады. Шара барысында мешіт имамы мен ұстаздар Мәуліт оқып, ардақты Елшінің ( с.ғ.с ) өнегелі өмірі, ізгілігі мен имандылыққа шақырған асыл хадистері жайлы насихат айтты.
Жиналған қауымға ғибратты уағыздар айтылып, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы ерекше атап өтілді. Сондай – ақ, мерекеге орай мешіт жамағатына дастархан жайылып, келгендерге ас берілді. Жұртшылық рухани әсер алып, мерекелік қуаныш пен имандылықтың нұрына бөленді.