Тараз: "Танта баба" мешіті 150 жанды қуантты

Тараз: "Танта баба" мешіті 150 жанды қуантты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Тараз қаласы "Танта баба" мешіті Мәуліт айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт жамағатына және ауыл тұрғындарына арнап 150 адамға палау таратты.

    Бұл игі іс – шараға имамдар мен жамағат белсенділері атсалысып , келген жұртшылыққа берекелі ас үлестірілді. Жиналған барша жандар Аллаға шүкіршілік айтып, осындай шаралардың жиі өткізілетінін айтып, алғысын  білдірді.

Мұндай қайырлы істер адамдардың жүрегіне жылулық сыйлап қана қоймай, бірлік пен бауырмалдықты нығайтады. Пайғамбарымыз  (с.а.с ) хадисінде: «Адамдардың ең жақсысы – басқаларға пайдасы тиген адам» (Даруқутни) – деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: