Тараз қаласы Әзірет Әли мешітінде қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – лудомания, яғни құмар ойындарға әуестің тақырыбында насихат жүргізілді. Шара барысында мешіттің наиб имамы Убайдуллаев Сайлаубай жамағатқа құмар ойындардың зияны мен қоғамға тигізер теріс ықпалы жайлы кеңінен баяндады.
Наиб имам құмар ойын – адал ризық табудың жолы емес екенін, ол адамның еңбекқорлығын тежеп, отбасының берекесін қашыратынын атап өтті. Сондай‑ ақ, Құран Кәрімде: « Ей, иман келтіргендер! Шарап та, құмар да, пұттар да, бал ашатын жебелер де – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» ( Мәида сүресі, 90 – аят) деген аятты мысалға келтіріп, жамағатты бұл әдеттен сақтануға шақырды.
Жамағат рухани насихаттан пайдалы тәлім алып , құмар ойыннан аулақ болудың ‑ өз жанұсы мен қоғам алдындағы жауапкершілік екенін түйді.