ТАРАЗДА ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ТАРАЗДА ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әлі ата» мешітінің имамы Даулетқазы Ернардың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) №59 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында спорттық іс-шара өтті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жазасын өтеушілер арасында өзара бауырмалдық пен бірлікті нығайту. Сонымен қатар, мешіт тарапынан қолға алынған игі бастама қылмыс жасаған азаматтарды түзетуге, оларға жаңа мүмкіндік беруге бағытталды.

Жарыс барысында қатысушылар спорттың түрлі түрінен бақ сынап, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Белсенділік танытқан азаматтардың қуанышын еселеп, ұйымдастырушылар жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етті. Жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға теледидар, қысқа толқынды пеш және тұрмыстық техника табысталса, әрбір командаға кубоктар мен медальдар ұсынылды.

Іс-шара соңында имам  Ернар Даулетқазы жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол: «Спорт – тек жарыс емес, ол шыдамдылыққа, тәртіпке, адалдыққа үйретеді. Бүгінгі сайыс сіздерге жаңа серпін беріп, өмірге деген көзқарастарыңызға оң ықпал етсін», – деп атап өтті.

Бұл игі шара қылмыс жасаса да адам ретінде түзеліп, қоғамға қайта бейімделуге талпынған жандардың рухани тұрғыдан серпілуіне үлес қосты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: