ҚМДБ Тараз қаласы бойынша « Ар ‑ Рахман ар – Рахим » мешітінде жамағаттың бірлігімен және ұстаз Зора Айдарованың жетекшілігімен кең көлемді тазалық шарасы өтті. Іс-шара барысында мешіттің сыртқы периметрі, оқу секторы және ауласы толықтай тазаланды.
Мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері бірігіп атқарған бұл шара – тек тазалықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар жамағаттың ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі болды. Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай жұмыстар мешітке келген әрбір жанға лайықты жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с ) хадисінде: «Тазалық ‑ иманның жартысы» (Тирмизи жинағы) деп айтылған. Осы хадисті басшылыққа алған мешіт ұжымы алдағы уақытта да тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жалғастыруға жоспарлап отыр.