Тараз қаласындағы "Асым Ата" мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт жамағатының қолдауымен 5 мұқтаж отбасыға арнайы ет өнімдері пен азық-түлік берілді. Бұл қайырымдылық іс-шараға жалпы 200 мың теңге қаражат жұмсалды.
Мешіт тарапынан жасалған игі қадам тек қана материалдық көмек емес, сонымен қатар көпшілікке мейірім мен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Бұл сауапты іс мұқтаж жандардың жүзіне қуаныш сыйлап, қоғамда өзара жәрдемдесу сезімін арттыруға бағытталған бастама.
Асым Ата мешіті алдағы уақытта да әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық жасап, осындай игі шараларды жалғастыруды көздеп отыр.
Құран Кәрімде Алла Тағала: «Жақсылық пен тақуалықта бір – біріңе жәрдемдесіңдер» («Мәида» сүресі , 2 – аят ) деп әмір етті. Осы аятта көрсетілгендей, жамағаттың жұмыла жасаған қайырлы істері қоғамға пайда әкеліп, ізгілікке жол ашады.