#Шу: “Төле би” мешітінің бас имамы игі іске ұйытқы болды

#Шу: “Төле би” мешітінің бас имамы игі іске ұйытқы болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен көпбалалы анаға қаржылай қолдау көрсетілді. Жиналған қаражат кіші қызының емдік қызметіне бағытталды.

Игі іс-шара кезінде бас имам отбасы жағдайын жіті назарға алып, анаға рух берерлік өнегелі, жігерлендіретін насихатпен бөлісті. Сонымен қатар, отбасы алдағы уақытта да мешіттің қамқорлығында болып, жүйелі түрде қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Бұл бастама – қоғамдағы мейірім мен бауырмалдықтың көрінісі. Жергілікті жұртшылық имамның қайырымдылық ісін жоғары бағалап, ауылдағы рухани тәрбие мен бірліктің үлгісі ретінде атап өтті.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: