#Шу: “Төле би” мешітінде имам-молдаларға арналған семинар өтті

#Шу: “Төле би” мешітінде имам-молдаларға арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен мешіттегі имам-молдаларға арналған семинар өтті. Жиынның басты мақсаты – діни қызметкерлердің білімін жетілдіру, тәжірибесін арттыру және кәсіби деңгейін көтеру болды.

Іс-шара барысында дін мамандары Құран оқу, фиқһ, хадис айту және ақида ілімі бойынша білімдерін сынға салды. Сонымен қатар, емтихан қабылданып, әрқайсысының білім деңгейі бағаланды.

Наиб имам алдағы уақытта Шу ауданының барша имам-молдаларын қамтитын кең көлемді семинар өткізілетінін мәлімдеді. Бұл бастама өңірдегі діни қызметкерлердің сапалы әрі жүйелі түрде дамуына жол ашады деп күтілуде.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: