Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай рухани іс-шара өтті. Бұл игі бастаманы мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлыұйымдастырып, шараға «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлы арнайы шақырылды. Қос дін қызметкері жиналған жамағатқа Мәуліт Шәріп оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен сыр шертті.
Жұма намазына жиналған қауымға дәстүрге сай құрма мен Зәмзәм суы таратылды. Сондай-ақ дін мамандарының насихатын тыңдап, қасиетті Құран оқылып, жамағат бірліктің үлгісін көрсетті.
Намазда бір сап түзген жамағат имамдарға алғыстарын айтып, бір-бірімен амандық-саулық сұрасып, құшақтасып тарасты. Шара жиналғандарға имандылық пен бауырмалдықтың қадірін сезіндірген рухани басқосу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.