Шу ауданына арнайы іс-сапармен келген «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақтияр Әміреев жергілікті жамағатпен кездесті. «Жәми» мешітінде өткен басқосуда адал еңбектің қадірі мен рухани байлықтың маңыздылығына тоқталып, көпшілікке тағылымды насихат айтты.
Имам өз уағызында дін мен дәстүрдің сабақтастығын ерекше атап өтіп, қоғамда орын алып отырған жат ағымдардың мәні және одан сақтанудың жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, жамағатты бірлікке, имандылыққа және тәлімді өмір салтын ұстануға шақырды.
Жиналған қауым наиб имамның сөздерін зор ықыласпен тыңдап, рухани сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу – жергілікті жұртшылықтың діни сауатын арттыруға және қоғамдағы ынтымақ пен имандылықты нығайтуға бағытталған игі қадам болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.