#Шу: Қажыларға арнап дастархан жайылып, құрмет көрсетілді

#Шу: Қажыларға арнап дастархан жайылып, құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел жамағаты қасиетті Меккеге, Умра сапарына аттанғалы жатқан қажыларға құрмет көрсетті. Арнайы жайылған дастархан басында жамағат ізгі тілектерін арнап, ақ жол мен аман-есен барып қайтуларын тіледі.

Шара барысында дұға жасалып, қасиетті сапардың мән-маңызы жайлы тағылымды әңгімелер айтылды. Әйел-қыздар жамағаты бұл бастаманы қажыларға деген ыстық ықыластың, бірліктің және рухани бауырмалдықтың белгісі екенін атап өтті.

Жиналғандар осындай игі дәстүрлердің жас ұрпаққа үлгі болып, жамағат арасындағы сыйластық пен ынтымақты нығайта түсетінін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: