#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт айына орай Салауат айту марафоны өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт айына орай Салауат айту марафоны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен Мәуліт айына орай бір апталық Салауат айту марафоны өткізілді.

Марафон барысында қатысушылар күн сайын салауат айтуда белсенділік танытып, рухани жарыс жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде үздік деп танылған үш шәкіртке сый-сияпат табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі шараның мақсаты – әйел-қыздар қауымын имандылыққа тәрбиелеу, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті арттыру және Мәуліт мерекесінің рухани мәнін кеңінен насихаттау.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: