#Шу ауданында нашақорлыққа қарсы семинар өтті

#Шу ауданында нашақорлыққа қарсы семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданындағы «Алмаз» колледжінде «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» атты семинар ұйымдастырылды. Жиынды «Сауытбек» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев өткізіп, жастарға теріс әдеттердің зардабы туралы кеңінен түсіндірді.

Имам өз сөзінде қоғамдағы өзекті мәселелерді атап өтіп, әсіресе құмар ойындар, кальян, электронды темекі сияқты зиянды әдеттердің жастарды дұрыс жолдан тайдыратынын ескертті. Сондай-ақ, ол иманды берік ұстанудың маңыздылығын айтып, рухани құндылықтарды сақтауға шақырды.

Семинарға қатысқан студенттер имамның насихатын ықыласпен тыңдап, дін мен тәрбиенің өзара сабақтастығын тереңірек түсінді. Шараның негізгі мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден сақтандырып, салауатты өмір салтына баулу болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: