"Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы аудандық "Қаратау Қажы би" орталық мешітінің жамағатына «пәтуа сағатын» өткізді.
Іс-шара барысында имам шариғат үкімдері, күнделікті өмірдегі діни мәселелер және мұсылманның міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме беріп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
“Қаратау Қажы би” мешітінің баспасөз қызметі.