«Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында Меркі ауданы,Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есболдың ұйытқы болуымен мешіт асханасында айлық дастархан жайылды.
Игі іс-шара Нұрбек имамның Құран оқуымен басталып, елге-жерге дұға жасалды. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, осы айлық дастарханды ұйымдастырған ауыл имамы мен мешіт жамағатына бүкіл аудан жамағаттың атынан алғысын білдірді.
Жиын соңында Елімізге, Жерімізге дұға жасалды. Алла Тағала Қызылқыстақ ауыл тұрғындарының ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке берсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі