Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Карим» мешітінің асханасында өткен айлық дастарханда жамағаттың діни-сауатын арттыру мақсатында діни-викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Сұрақтар «Дін мен дәстүр», «Сира», «Фиқһ» бағыттары бойынша қойылды. Жарыс барысында қойылған сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген жандарға кітаптар табыс етілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі