Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан «Әл-Карим» мешітінің асханасына жиналған жамағатқа «Намаздағы ниет-ықыластың маңыздылығы» турасында насихат айтты.
Бауыржан имам: « Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің Муминун сүресінде «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. Олар, бос нәрселерден аулақ болады.» - дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Үмметімнен ең алғашқы алынатын нәрсе – ол намаздағы хушуғ» - деген, яғни намазда хушуғпен, шынайы ықылас-ниетпен Алла Тағала көріп тұрғанын сезініп құлшылық жасау» - деп жиналған жамағатқа намазда ықыласты болуға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі