Меркі: "Жүніс молда" мешітінде әйел-қыздар секторы тазалық жұмыстарын жүргізді

Меркі: "Жүніс молда" мешітінде әйел-қыздар секторы тазалық жұмыстарын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүніс молда мешітінде әйел-қыздар секторы ұйымдастырып отырған игі істердің бірі – дәрісханаға тазалық жұмыстарын жасау болды. Сектор мүшелері мешіттің дәрісханасын жинап, шаң-тозаңнан арылтып, орындықтар мен үстелдерді ретке келтірді.

Бұл бастама – жамағатқа жайлы жағдай қалыптастыруға және мешіттің көркі мен тазалығын сақтауға бағытталған. Әйел-қыздар секторының белсенділігі мен ынтасы жастарға да, жалпы жамағатқа да үлгі боларлықтай.

Мешіт – Алланың үйі болғандықтан, оның таза әрі көрікті болуы әрбір мұсылманның ортақ міндеті екені белгілі. Осындай игі істер арқылы жамағат арасында бірлік, ауызбіршілік пен жауапкершілік арта түсуде.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспсөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: