Қордай: «Отбасы» күніне әжелер бесікке салу дәстүрін өткізді

Қордай: «Отбасы» күніне әжелер бесікке салу дәстүрін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасы-мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ордасы. Жарасым тапқан әр шаңырақ–мемлекет тыныштығының кепілі. «Отан - отбасыдан басталады» деген дана халқымыздың сөзі осыған дәлел.

Адам бойындағы адамгершілік, имандылық, әдептілік, кішіпейілділік секілді асыл қасиеттердің бәрі де отбасында қалыптасады. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешітінің әжелер алқасы «Отбасы» күніне орай баланы бесікке салу дәстүрін көрсетті. Бұл игі басқосуда ата-бабамыздан мирас болып жеткен салттың тәрбиелік мәні түсіндірілді.

Әжелердің айтуынша, отбасының шынайы жемісі – бала. Балаға қатысты дәстүрлердің ел болашағын тәрбиелеудегі орны ерекше. Шара соңында жиналғандар жас ұрпақтың амандығын, білімді әрі бақытты болып өсуін тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: