Қордай: Конституция күніне арналған ашық сабақ өтті

Қордай: Конституция күніне арналған ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Ислам сонау тарихи кезеңдерден бері отансүйгіштікке, елді құрметтеуге, туған жерді бағалауға шақырып келеді. Отанға деген махаббат – әрбір адамның жүрегінде болуы тиіс қасиет. Пайғамбар да, патша да, қарапайым адам да өз Отанын сүйіп, қадірлей білуге міндетті. Өйткені Отанын сүймеген, туған жерінің қадірін білмеген жаннан қандай қайыр күтуге болады?!

Қайда жүрсе де, қай елде болса да, адам жүрегінде туған еліне деген мейірім мен махаббат сақталуы тиіс. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде ұстаз Альбина Бақтиярқызының ұйымдастыруымен  Конституция күніне арналған «Отан – қуат, отбасым – шуақ» атты ашық сабақ өтті.

Шара барысында шәкірттер Отанға деген сүйіспеншілігін жүрекжарды монологтар арқылы жеткізді. Сонымен қатар топаралық жарыстар ұйымдастырылып, үздік шыққандар марапатталды. Баршамыздың отбасымыз аман, еліміз тыныш, жұртымыз сау болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: