Қордай: «Отбасым – менің тірегім» тақырыбында насихат жасалды

Қордай: «Отбасым – менің тірегім» тақырыбында насихат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дінімізде отбасы құндылықтарының маңыздылығы кеңінен суреттелген. Отбасының тыныштығын сақтау – ер мен әйелдің ортақ жауапкершілігі. Өмірдің күрделі жолында ер мен әйел бір-бірінің кемшілігін жасырып, жақсылығын асыра отырып, бір-бірін толықтырып отыруы – отбасылық міндет болып саналады.

Бұл жөнінде қасиетті Құранда: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» – деп баян етіледі. Осыған орай Қордай ауданы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешітінде Айгүл Жолдасқызының ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» арналған басқосу өтті. «Отбасым-менің тірегім» тақырыбындағы насихатқа аудан ұстазы мен шәкірттер қатысты.

Жиында отбасы құндылықтары кеңінен сөз болып, қатысушылар пайдалы кеңестер алды. Шара соңында көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, отырыс әсерлі түйінмен аяқталды. Баршамыздың отбасымыз сау-саламат, имани ахуалы мықты болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: