Қазақ қоғамындағы басты байлық - адам. Ал ақылды да иманды, парасатты әрі тәрбиелі қыздар ешқашан ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлағатты сөздің мәні де сонда.
Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде шәкірттер арасында «Ибалы ару» атты қыз сыны өтті. Сайыс барысында қыздарымыз білімдерімен қатар қамыр жаю, салат жасау және сәнге талас сынды кезеңдерде өз өнерлерін ортаға салды.
Барлық қатысушылар жауапкершілігімен, дайындығымен, білімімен және аспаздық шеберлігімен қазылар алқасын әрі ұстаздарын қуантты. Жарыс соңында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, сыйлықтар табысталды. Нәзік, ибалы, білімді қыздарымыз көп болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі