Қазақ халқы - кең пейілімен, қонақжайлылығымен ерекшеленетін халық. Халқымыз қонаққа риясыз көңілін білдіріп қана қоймай, мол дастарқанын жаюды да дәстүрге айналдырған.
Дастарқан – қазақ үшін қастерлі орын, ол келген қонаққа құрмет пен ілтипаттың белгісі болып саналады. Осы игі дәстүрді жалғастыру мақсатында Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде шәкірттер дәрістерден соң ақ дастарқан басында бас қосты.
Шара «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылып, онда «Отбасы құндылықтары» тақырыбы кеңінен насихатталды. Ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін, сондай-ақ дінін қатар ұстанған ұрпақ өз болмысын сақтап қала алады. Барша отбасымыздың берік, ауызбіршілігі мол, кеңпейілді болуын Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі