Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінде Қазақстан Республикасы Әскери әуе қорғаныс күштерінің 19132 әскери бөлімінің аға борттехник-нұсқаушысы, капитан Жеңісбек Тұрғанбайұлын еске алуға арналған облыстық Құран сайысы ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылуында Жамбыл облысының бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, Құранды оқудың және оны жаттап жүрекке тоқудың мән-маңызына тоқталды.
Сайысқа төрелік еткендер:
-
Жамбыл облысының бас имамы – Асқар қажы Зәкіржанұлы,
-
«Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры – Бірлік қари Жанарбекұлы,
-
Талас ауданының бас имамы – Жалғасбай Дүйсенбайұлы.
Облыстың әр өңірінен келген 16 үміткер өзара бақ сынасты. Нәтижесінде:
-
І орын – Мырзабек Рамазан (Тараз қаласы),
-
ІІ орын – Қали Дархан («Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті),
-
ІІІ орын – Құрманбек Абдулла (Рысқұлов ауданы).
Сондай-ақ, жарыстың көзайымы болып жас қарындасымыз Лебек Даяна атанды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Шараға демеушілік жасаған – марқұм Жеңісбек Тұрғанбайұлының бауыры Берік Тұрғанбайұлы және «Rizyq-Mubarak» қоғамдық қорының директоры Ерлан Мирасбекұлы.
Бұл игі бастама – жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, Құранға деген сүйіспеншілікті арттыруға үлкен үлес қосты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі