Дәстүр мен дін-халық қазынасы

Дәстүр мен дін-халық қазынасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлттың басты құндылығы-оның салт-дәстүрі. Халықты сақтайтын да, өзгеден ерекшелейтін де ата-бабадан қалған осы мұра. Қазақтың дәстүрге бай халық. Бұл оның өткен шежіресімен, терең тарихымен сабақтасып жатса керек. Бұл тұрғыда асыл дініміз кез-келген халықтың салт-дәстүрін мақұлдайды. Діннің мақсаты белгілі бір ұлттың дәстүрін, әдет-ғұрыпын мансұқ ету емес, сол елдің құндылықтарын сақтау арқылы имандылыққа бағыттау болып саналады. Әрине, шариғатқа қайшы келетін дәстүрге рұқсат бермей, тыйым салатын тұстар да бар. Ата-бабаларымыз бұл туралы «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп айтып кеткен. Бәл осы ой оралымы шариғат қағидасымен ұштасып жатыр.

Қазақ мұсылман халық. Сондықтан ислам шариғатына тән дәстүр бізге де ортақ болып келеді. Сондықтан құндылықтарымыздың дінмен ұштаспауы заңдылық. Тіпті бірқатар әдет-ғұрыптарымыздың діннен алынғанын байқаймыз. Мәселен бейуақытта ұйықтамау қежттігі асыл дінімізде де айтылады. Қазақ аталарымыз «Іңірде жатқан ырыссыз қалады» десе, Сахаба Әбу һурайдан (р.а) жеткен хадис шәрифте: «Шынында Алла елшісі (с.а.у) құптаннан алдыңғы ұйқыны ұнамсыз көретін әрі құптаннан кейін әңгіме-дүкен құруды ұнамсыз көретін»,-дейді. Сол сияқты нанды құрметтеу, қолды жуғаннан кейін сілкілемей сынды ғұрыптар дінмен байланысады.

Қазақтың өзін тән, өмірден алынған өнегелі салт-дәстүрлері бар. Қазіргідей жаһандану кезеңінде мұндай ұлттық құндылықтарды жастарға насихаттау, оның ерекшелігін санасына сіңіру сіз бен біздің міндетіміз. Біз діни тұғыдан ал тіл мен энограф мамандар сол салт-дәтүрлердің шығу тарихы мен мақсат-мұратын түсіндірсе еңбегіміз далаға кетпес.

Қазыбек би қайтыс болғанда жерлеуге Арқадан Түркістанға түйемен он бес күнде жеткізген қазақ әруақты қалай қадірлеген. Қоос түйенің ортасына қом жасап, тоқтамастан суыт жүріп отырған. Жолдағы ел алдынан шығып, мәйітті кідірместен, әйелдері жоқтау айтып, ерлері өз қонысынан ұзағанша артынан еріп отырған. Жолаушыға сусын ұсынылып, шалдыққан түйелер ауыстырған. Дәстүр тазалығы, рух биіктігі деген осы болар.

Жалпы Ислам шариғатында кісі қайтыс болғаннан кейін оның жетісін, артынан қырқын беру бұйрығының жоғы рас. Дінде ондай рәсім қалыптаспаған. Сол себепті мұны салт-дәстүрге жатқызып жүрміз. Алайда мұндай жоралғының Ислами мәдениеттен бастау алатынын біле бермейміз. Табиғиндердің ұлық ғұамасы Таус ибн Қайсан (р.а): «Шынында мәйіттер (қабірге қойылған соң) жеті күн бойы сынаққа душар болады. Осыған дейін олар (яғни сахабалар) осы күндері сол мәйіттің атынан ас беруді ұнамды санайды»,-дейді. Осы риуаятта марқұмның жеті кейбірінің қырық күн бойы сұраққа тартылатыны айтылады. Осы уақытта оның атынан ас беріп, садақа тарату, оның сауалын жеңілдетеді. Қазақтың да жетісін беру, қырқын тарату дәстүрінің түп төркіні осындай мәліметтерден тарауы мүмкін.

Дәстүр мен дін-халық қазынасы.  Ұлттың ерекшелігін танытатын осы құндылықтарымызды сақтау арқылы біз ұрпақ бойына тағылымды тәрбие беріп, жарқын болашағымызды қалыптастыра аламыз. 

Нұрбол Төреқұлов,

«Тәңкібай ата» мешітінің имамы. Тамды ауылы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: