Уақып - ислам дінінде қайырымдылық атаулының ең ізгі, ең құрметтісі саналады. Сахабалар өз дәуірінде бар мал-мүлік, жиған қаражатын халықтың игілігі жолында, Алланың разылығын алу мақсатында сарп ететін болған. Бұл қоғамдағы жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктерді тұрмыс тауқыметінен құтқарса, уақып жасаушы жанды мол сауапқа кенелткен.
Шарты:
1.Уақып еткен адам мұсылман әрі ақы-есі дұрыс болуы керек.
2.Уақыпқа берілетін дүние адал жолмен табылған болуы тиіс.
3.Уақып мәңгілік болуы керек (уақытша емес).
Мақсаттары:
-Мешіт, медресе салу және күтіп-ұстау;
-Құран үйрететін ұстаздарға, ғалымдарға жәрдем беру;
-Жетім-жесірлерге, мұқтаждарға көмектесу;
-Қоғамға пайдалы істер (құдық қазу, жол салу, көпір тұрғызу т.б.).
Уақып жайында аяттар бар:
«Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» деп ескерткен.
Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде:
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят бойынша: «Алланың Елшісі былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» деген.
Қазақ жерінде еліне жеріне дініни уақып еткен ұлы тұлғалардың бірі Бауыржан Момышұлы атамыз.
Бауыржан Момышұлы — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келді.Әкесі Момыш кедей шаруа болса да, сауатты, көзі ашық адам болған. Анасы Рәзия ерте қайтыс болып, Бауыржан әжесінің тәрбиесінде өседі.
Осы мақаламызда Бауыржан атамыздың уақыбы жайында сөз ететін болсақ, оны әр тармаққа бөліп қарасақ болады.
Мысалы:
1.Елге уақыбы
Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі арқылы бүкіл қазақ халқының абыройын қорғады. Қазақ сарбаздарының батылдығын, отаншылдығын дәлелдеп, ұлт намысын асқақтатты. Соғыстан кейінгі еңбектерінде жас ұрпақты ерлікке, тәртіпке, адалдыққа шақырды.
2.Дінге уақыбы
Ол дін қызметкері болмағанымен, еңбектерінде имандылық, әділдік, адалдық, ар-намыс тақыбырын ерекше көтерді.
«Ұшқан ұя» кітабында қазақтың дәстүрлі тәрбиесін-әже тәлімін, ата өнегесін дәріптеді. Бұл-имандылықтың, дәстүрлі діндарлықтың көрінісі.
3.Жерге уақыбы
Өзінің туған жері Жуалы мен жалпы қазақ даласын қорғау жолында күресті. Қазақ жерін, елдігін қорғауды әрбір ер-азаматтың қасиетті борышы деп санады.
«Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген ұлағатты сөзді қалдырды.
Бауыржан Момышұлы өз өмірін тұтасымен елге, жерге, ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ол өзінің ерлігімен, шығармаларымен, сөздерімен қазақ халқына рухани уақып қалдырған қаһараман.
Амангелді Дәулет Жанарбекұлы