Мәуліт айының құрметіне «Жәми» мешітінде уақып шарасы ұйымдастырылды. Игі іс аясында бір бас қой сойылып, жамағатқа дастархан жайылды.
Ас басында Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. Қатысушылар Мәуліт айының тарихы мен мән-маңызына қанығып, Пайғамбарымыздың көркем өнегесі жайлы тағылымды әңгімелер тыңдады.
Шара соңында жиналған қауым ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Бұл шара жамағатты бірлікке шақырып, ізгілікке үндеген мерекелік басқосу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.