Қасиетті жұма күні Мойынқұм ауданында облыс наиб имамы Ғалымбек Жапек, жаңа тағайындалған бас имам Ержан Кәдірханұлы және осы уақытқа дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Рысбай Еспенбетов аудан әкімі Ермек Амангелдіұлымен дидарласты.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, жамағатты бірлікке шақыру, жастарды тәрбиелеу және қоғамдық шараларда мешіттердің белсенділігін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жаңа бас имам ресми түрде таныстырылып, алдағы жұмыстары таныстырылды.
Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы имамдарға сәттілік тілеп, рухани саладағы бірлескен жұмыстарға қолдау көрсететінін жеткізді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі