МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мойынқұм ауданына жаңа бас имам тағайындалды. Бұл жауапты қызметке Көшкімбай Ержан Кәдірханұлы бекітілді.

Қасиетті жұма күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек Мойынқұм ауданына арнайы сапармен барып, жамағатқа жаңа имамды ресми түрде таныстырды.

Ержан Кәдірханұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша білім алған білікті дін маманы. Бұған дейін ол Меркі ауданындағы «Ар-Разақ» мешітінде, Тараз қаласындағы «Әзрет Әли» мешітінде, сондай-ақ «Әл-Фирдаус» мешітінде имамдық қызметтер атқарып, тәжірибе жинақтаған.

Облыс наиб имамы Ғалымбек Жапек Ержан Кәдірханұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жамағат игі тілекпен қарсы алды. Бұл тағайындау ауданның рухани өміріне тың серпін беріп, діни-ағартушылық жұмыстардың қарқынды дамуына жол ашады деген сенім білдірілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: