#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

#Шу: «Жәми» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айының құрметіне «Жәми» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында мешіттің наиб имамы Осман Мұхаметәли Мәуліт жырын оқып, жиналған қауымға рухани әсерлі сәт сыйлады.

Игі шара аясында жамағатқа құрма таратылып, Мәуліт мерекесінің берекесімен бөлісу дәстүрі жалғасын тапты. Қатысушылар Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, Мәуліттің мән-маңызына қанықты.

Бұл бастама жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, рухани тәрбиеге үндейтін игі дәстүрдің жалғасы болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: