«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңадан тағайындалған директоры Жарбол Болатұлы ұжымдағы ұстаздармен, қызметкерлермен және шәкірттермен танысып, алғашқы жұмыс жиналысын өткізді.
Жиын барысында жаңа оқу жылының жоспары мен алдағы атқарылар істер кеңінен талқыланып, білім ордасының болашақтағы бағыт-бағдары нақтыланды. Жарбол Болатұлы ұстаздар қауымына жаңа серпінмен еңбек етіп, шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиналыс соңында ұжым мүшелері жаңа оқу жылына тың жоспармен кірісіп, бірлесе еңбек етуге ниет білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі