МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЛДЫ

МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 қыркүйек – Білім күніне орай «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде тағылымды шара өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ұстаздар мен қызметкерлерді мерекемен құттықтап, білімнің адам өміріндегі мән-маңызына тоқталды.

Өз сөзінде облыс бас имамы:
«Білім – ұрпақтың рухани кемелденуіне жол ашатын, елдің өркендеуіне серпін беретін ең үлкен қазына. Бүгінгі күні шәкірт тәрбиелеп, оларға діни және зайырлы білімді қатар үйретіп жүрген ұстаздардың еңбегі ерекше. Сіздер – жас буынның жүрегіне имандылықтың шуағын себуші, болашағына бағыт-бағдар беруші тұлғасыздар» – деп атап өтті.

Сонымен қатар «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Жарбол Болатұлы да сөз алып, ұстаздар қауымын құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тіледі. Ол шәкірт тәрбиелеу ісіндегі жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, бірлесе еңбек етудің берекесін атап өтті.

Шара соңында ұстаздар мен қызметкерлер алдағы оқу жылында табысты қызмет етіп, шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ынтымақпен еңбек етуге ниет білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: