Байзақ: ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰМАРТПА

Байзақ: ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰМАРТПА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Жібек жолы ауылдық әкімдігі мәжіліс залында ауыл жастарымен кездесіп, «Құмар ойынның зардаптары» тақырыбында насихат айтты.

Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау. Алла Тағала қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып: Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар, бәлкім, құтыларсыңдар», ­– деп айтқан («Мәйда» сүресі, 90-аят).

Аятта құмарды «ластық» іс деп атауы жайдан жай емес. Өйткені «рижс» (ластық) сөзі  – әрі зиянды, әрі күнәлі нәрсеге қолданылады. Сонымен қатар бұл істердің «шайтанның ісі» деп аталуы да тегін емес. Себебі шайтанның мақсаты – адамды азғырып, азапқа душар ету. Осының өзі адам баласына тыйым салынған іс екендігін ұғындырып тұр. Аятта «рижс» деп танылған ішімдік, құмар, тізілген тастар және бал ашатын оқтардың ешбіріне жақындамау, жуымау керектігі бұйырылған. «Жақындамау, жуымау» деген бұйрық «жасама» деген бұйрықтан да ауқымды мағынаға ие. Себебі, «жасама» деп іс барысында айтылады. Ал «жуыма» деу ол істі істемек түгілі оған жақындауға тыйым салып тұр. Аяттың жалғасында: «Бәлкім, құтыларсыңдар», – деп аяқталуында да үлкен мән бар.

Өйткені құмарды тастау – құтылуға жетелейді, жеңіске жеткізеді. Яғни, құмар сынды жағымсыз әдеттен арылған адам мақсатына жетеді. Мұсылманның мақсаты – дүниеде де, ақыретте де бірдей жеңіске жетіп, екі дүниенің бақытына кенелу. Егер не нәрсе бұл мақсаттың алдын орайтын болса, мұсылман адам оны сөзсіз тастауы керек», - деді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: