Жамбыл облысы Дін мен Дәстүр бөлімінің жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлы Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында «Адал еңбек еткенің, Алла жолында жүргенің» атты тақырыбында насихат айтты.
Ғарифулла Қуанышбекұлы насихатында: «Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету - Алла Тағаланың адам баласына жүктеген міндеттерінің бірі.
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен тер төкпестен, алдап-арбау, түрлі қулық-сұмдық жолдармен тапқан дүниенің қайырлы болмасы белгілі. Ендеше, құрметті жиналған қауым бүгінгі жиынымызда ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен қолға алынған, әсіресе қазіргі қоғамдағы аса маңызды тақырыптардың біріне айналған «Еңбек ету мен адал табыс табудың Исламдағы маңызы» төңірегінде өрбітпекпіз.
Шын мәнінде, кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен асырау мақсатында шынайы еңбек етсе, оның мерейі тасып, ырысы асатындығы сөзсіз», - деді.