Байзақ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ НАСИХАТТАДЫ

Байзақ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ НАСИХАТТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Дәстүр – халық мұрасы» тақырыбында насихат айтты.

         Ғарифулла Қуанышбекұлы насихатында: «Ең алдымен «дәстүр» ұғымының басын ашып алайық. «Дәстүр» – иран-парсы тілінен кезінде қазақ тіліне енген сөз. Ол латын тіліндегі «традиция» сөзіне, қазақтың «салт» деген сөзіне баламалас. Бұл сөздердің мағынасы біркелкі – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отыратын өмір сүру құндылықтары, қағидаттары, қалыптары, ережелері, яғни бұрынғылардың кейінгілерге, олардың «еншісі» (арапша «мирас») ретінде, беретін күнделікті тіршілікте қолданатын өнегелілік, тәрбиелік, рухани маңызға ие игілікті де ізгілікті дүниетанымдық ойлары, сөздері және іс-әрекеттері. Қазақтың «салт-дәстүр» деген сөзі осы жерден келіп шығады.

Қазақтың «салт», иран-парсының «дәстүр» сөздері кезінде тілімізге енген араптың «әдет», «ғұрып» сөздерімен де мағыналас. Бұл сөздердің мағынасы – өмірде ылғи қайталанып отырғандықтан тұрақтанып қалыптасқан, бойға біткен күнделікті де үйреншікті қылық пен бейімділік.

Сонымен қатар «салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» дегеніміз күнделікті де үйреншікті нәрсеге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық (қауымдастық) тәртіп, реттеуші ереже мен іс-әрекет. Бірақ елде, халық арасында қалыптасқан «салт-дәстүр» мен «әдет-ғұрыпқа» сәйкес те, сәйкес емес те ниет пен пиғыл, ой мен сөз, мінез-құлық, іс-әрекет болуы әбден мүмкін. Сондықтан да «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тәмсілді еш естен шығармаған жөн. Олай болса, қайсыбір жеке адам, қауым, тіпті тұтас бір ел (мемлекет) өз тіршілігіне салт-дәстүрдің негізінен озығын алып жатса, ал өзгелері оның тозығын алуы ықтимал. Өкініштісі, солай болып та жатыр соңғы кездері», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: