#Шу: «Төле би» мешітінде діни білім беру ісі жандануда

#Шу: «Төле би» мешітінде діни білім беру ісі жандануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінде діни білім беру ісі қарқынды жандану үстінде. Бұл игі бастама мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлының тікелей тапсырмасымен қолға алынды.

Аудандық «Жәми» мешітінің тәжірибелі ұстазы Ерғазы Ақпанов аптасына екі мәрте ауыл жамағатына арнап Шам намазынан кейін «Тахауи ақидасы» бойынша дәріс жүргізуде.

Дәрістерге қатысушылар саны күн санап артып келеді. Жамағат өкілдері ұстаздың білімділігі мен түсіндіру шеберлігін жоғары бағалап, алғыстарын айтып, діни сауаттылықтарын арттыруға зор мүмкіндік болып жатқанын атап өтуде.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: