Шу аудандық орталық кітапханасында тағылымы мол рухани жүздесу өтті. Аталған жиында «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы кітапхана қызметкерлерімен арнайы кездесіп, «Ислам — бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтты.
Кездесу барысында дін маманы қасиетті Құран Кәрімнің аяттарынан мысал келтіріп, Ислам дінінің негізгі қағидалары мен бейбітшілікке үндейтін тұстарын тереңнен түсіндірді.
«Жүрегі Алла деп соққан әр мұсылман өзін тек көркем мінез бен жақсы амалды жүзеге асыруға тәрбиелеуі керек. Міне, сонда ғана ел іргесінен тыныштық, босағасынан береке мызғымайды.»
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

