#Шу: Болашақ ұстаз тәжірибесін «Тоғай»мешітінде шыңдауда

#Шу: Болашақ ұстаз тәжірибесін «Тоғай»мешітінде шыңдауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің медресе шәкірті Бақытжан Ахметов кәсіби тәжірибе кезеңін Шу ауданына қарасты «Тоғай» мешітінде өткізіп жатыр. Ол жергілікті шәкірттерге діни сабақ беріп, алған білімін іс жүзінде қолдану арқылы ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдарын жасап келеді.

Жас дін маманы ауыл жамағаты арасында жылы қабылданып, шәкірттер арасында белсенділік артуда. Оның дәрістері Ислам негіздерін терең түсіндіруімен ерекшеленіп, тыңдаушылардың ықыласына бөленуде.

Бұл тәжірибелік кезең жас маманның діни білім саласындағы шеберлігін арттырып қана қоймай, ауыл мешіттеріндегі білім беру үрдісіне де оң әсерін тигізуде.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: