ҚМДБ Тараз қаласы бойынша өкілдігінің қолдауымен «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің әйелдер секторы ерекше рухани іс-шара өткізді. Зора Айдарованың ұйымдастыруымен «Пайғамбарға хат» атты шара өткізілді.
Шәкірттер сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнап хаттар жазып, жүрек тереңінен шыққан сөздерімен өзінің құрметі мен сүйіспеншілігін білдірді. Әрбір жолдан Сүннетке деген берік ниет, сүйіспеншілік пен имандылықтың нышаны аңғарылды.
Хаттарда: «Біз Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін ұстануға тырысамыз», «Сен — біздің шұғыла шамымыз әрі өнеге иесісің» деген мазмұндағы сөздер жиі кездесіп, жиналған қауымды тебірентпей қоймады.
Бұл игі бастама мұсылманның жүрегінде Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген махаббаттың әлі де тірі екенін және ол тек сөзбен емес, іспен де дәлелденіп жатқанын көрсетті.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

