#Шу: Жиенбет ауылында «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында тағылымды жиын өтті

#Шу: Жиенбет ауылында «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында тағылымды жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында Шу ауданына қарасты Жиенбет ауылында маңызды жиын өтті. Ауыл молдасы Шүкірәлі Бердібектің бастамасымен, аудандық әкімшіліктің қолдауымен діни бағыттағы мазмұнды басқосу ұйымдастырылды.

«Әке – отбасы тірегі» атты тақырып төңірегінде өткен бұл жиында ер адамның отбасындағы орны, әке тәрбиесінің маңызы және оның өнегелі сөзі жайлы терең талқыланды.

Жиын барысында имандылық, отбасы тәрбиесі мен жауапкершілік секілді ұғымдар кеңінен қозғалып, ауыл тұрғындарына терең ой салып, тәрбиелік мәні зор кездесу болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: