Бір кісі Әли ибн Әбу Талибтан (Алла олардан разы болсын ) мұндағы «өздерін және отбасыларын оттан құтқару» туралы сұрағанда, ол: «Оларды жақсы тәрбиелеу әрі білім үйрету», – деп жауап берген. Ал Хасан Басри: «Аллаға мойынсұнуға бұйырып, ізгілікті үйретіңдер», – деген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті жанындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Бір айдан астам уақыт бойы шәкірттеріміз имани білім алды. Оларды емтиханнан өткізіп, қоштасу кеші ұйымдастырылды.
Бас қосу Қасиетті Құран аяттарын оқудан басталды. Кеште ғибратты көріністер мен мағыналы монологтар оқылып, қатысушыларды рухтандырды. Қара көз қыздарымыз имандылық әліппесін толық меңгеріп, Құранға түсті. Сонымен қатар, тәж кигізу салтанаты өткізіліп, барша қатысушыларға қуаныш сыйланды. Мерекелік шарада марапаттау рәсімі жүргізіліп, бағалы әрі ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұрпағымызды дінге бұруға атсалысқан жомарт жандарға Алла Тағала екі дүниеде де разы болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

