Сәби – ештеңе жазылмаған ақ парақ. Оның болашағы – алған тәрбиесіне тікелей байланысты. Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған.
Қордай ауданындағы жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттеріне аудандық Әжелер алқасының мүшелері дуалы сөздерін арнап, рухани тәлім берді. Кездесуде жас буынға дін мен дүние білімін қатар меңгерудің маңызы түсіндіріліп, уақытты тиімді әрі пайдалы жұмсауға шақырды.
Салиқалы ұрпақ – ұлт болашағының тірегі. Сондықтан, осындай тәрбиелік кездесулер жастардың жүрегіне имандылық дәнін егіп, өмірлік бағытын айқындай түсері анық. Ұрпағымыз иманды, ақылды, пайдалы болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

