«Балам – балым, баламның баласы – жаным» дегендей, ата - әженің тәрбиесін алып, өскен бала жаман болмайды дегім келеді. Керісінше, даналық ойларды, үлкеннің өнегесін бойына сіңіріп өседі. Ата-әже тәрбиесі – қазақы тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі.
Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешіті ұстазы Айгул Жолдасқызының ұйымдастыруымен әжелер алқасы мүшелері әйел-қыздар жамағатына ақ дастарқан жайды. Молшылық пен берекелі дастарқан басында ғибратты насихат жасалды. Берекелі бас қосу болашақта жалғасын тауып, көпшілікке өнегесі таусылмасын! Әжелер мен аналардың ізгі тілектері мен жасаған баталары қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөзқызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

