Қонақжайлық – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлы қасиеті. «От жағылмаған үй – қора, кісі келмеген үй – мола» деп, халқымыз меймандостықты өмірлік ұстаным ретінде бағалаған. Бұрындары есігі жабылмайтын, төрінен қонақ үзілмейтін қазақ үйі – ізгілік пен берекенің мекені болатын.
Осы дәстүрдің бүгінгі күндегі жарқын көрінісі ретінде, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде, «Имани жазғы» жазғы діни сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерге арналып, қоштасу дастарханы жайылды. Іс-шара аясында жастарға алғыс білдіріліп, ризашылық сөздер айтылды. Берекелі ас дастарқан дұғасымен басталып, ардақты әжелердің ақ батасымен жалғасты.
Иманға сусындаған шәкірттерге рухани азық боларлық бұл кеш – олардың жүрегінде ұзақ сақталары анық. Баршамыздың дастарқанымыз тек жақсылыққа жайылсын және одан тек ізгі жандар дәм татсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

